Қою түнде Сам шамы жамыраған – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Қою түнде Сам шамы жамыраған» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.01.2022
  • 0
  • 0
  • 775
Қою түнде Сам шамы жамыраған,
Ертегісін шертеді бәрі маған.
Жаңа заман бұзбады мағынасын,
Сол күйінде қалыпты кәрі ғалам.
Керуен жүк келуде Бесқаладан,
Маңдайына үкісін кеш қадаған.
Ай астында саф ауа сіміреді
Арманының сапарын кешкен адам.
Қыран құсым ұшады қолда ағарып,
Сапар тосып тұрамын жолға барып.
Тақымымды түйеге артар едім,
Бұлт кетпесе төбені торлап алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері