Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға – Шәмшия Жұбатова

Бұл бетте «Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға» атты Шәмшия Жұбатова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1203
Тағдыр, тағдыр, не айтарсың тағдырға,
Гүл де мәңгі жайқалмайды сан қырда.
Студенттік шақты еске алып сағындық,
Алматыда жауып өткен жаңбырда.
Шахановтың жырларынан рухтанып,
Қазақтардың арысына сұқтанып.
Студенттік қайран сұлу шақтар-ай,
Жүретұғын жыр оқыса мықталып.
Бір талантқа бір талантты тең көріп,
Бере алмасаң қара тілмен сен көрік,
Жаңалықтың мықтап ұстап жалынан,
Алып қашып кететінбіз өңгеріп.
Жалғыздықтан жүрмеуші едік жабырқап,
Даңқ дегенге қарайтынбыз таңырқап.
Гүлдей өсіп, желдей есіп келеді
Бізден кейін тағы да бір жаңа ұрпақ.
Ұрпақ артта ілеспесе өскелең,
Неге керек болғандығы қос кемең.
Студенттік күндер кетті бұрылмай,
Естімедік дауысын да қош! деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері