Өлең, жыр, ақындар

Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 933
Мың сәлем саған, Париж бен Лондон, Москва,
Таусыла жаздап кірпігін ашты жас тұма.
Жанардың жасын ақ жаңбыр қылып төктім мен,
Көктемде шықққан жап-жасыл күннің астына.
Шарқ ұрып көңіл, көзімнен ыстық жас тарап,
Теңізде жүздім айдыны көлден басқарақ.
Мен жалғыз барған өлкенің тасы қып-қызыл,
Көкжиегі алыс, құстары таныс, аспаны ақ.
Жайраңдап сыртым, ішімнен сыңсып мұң ұшқан,
Қанатым жазсам, жетемін саған, Гүлстан!
Гүлстан өлке, гүліңді сенің теруге
Өзіңді толқып көруге керек мың ұстам.
Арындап ұшқан ақпараттардың тасқыны,
Елеусіз қылып кетеді кейде бастыны.
Алты қаз болып айналып көкті барады
Жалынды шақтың жарқылдап өткен жастығы.
Арманға толы, ей, менің асыл мұратым,
Арман деп қойдым жазылған көкке жыр атын.
Жыр қылып жазып жүрегін тастап кетуге,
Өмірге келді арқалап мұңын бір ақын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Төңкерілген ғаламның төрткіл ені

  • 0
  • 0

Төңкерілген ғаламның төрткіл ені,
Әйнегімді ызылдап шертті лебі.
Қап-қара аспан сыздап тұр жауын төкпей,
Қап-қара аспан... дәл мендей дертті ме еді?..

Толық

Айналасын қуанышқа кенелтіп

  • 0
  • 0

Айналасын қуанышқа кенелтіп,
Тұра қалды жұпар иіске жел елтіп.
Желбегейін шешіп жатыр жасыл жаз,
Тырналарын жылы жаққа жөнелтіп.

Толық

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен

  • 0
  • 0

Әлдеқайдан, жұмбақтау бір белдіктен,
Ажырамай қазақылау елдіктен,
Ғарыш жаққа ғажап сәлем жолдаймын,
Жер шарынан, параллельдік ендіктен.

Толық

Басқа да жазбалар