Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан
Өмір деген бітпейтін мәңгі майдан,
Талықсыған күресте талдым, айнам.
Тіршілігің өксіген көк өзендей,
Арты ұйық секілді, алды қайраң.
Жолға түстім. Адастым. Жоқ қарадым,
Алға бастым, Сүріндім. Тоқтамадым.
Тірлік жыры кеудеме симағасын,
Өмір жайлы айтуға оқталамын.
Тірлік жыры кеудеме симағанда,
Өлең оқып жүремін қилы алаңда.
Өмір отын кеудемнен үлестірем,
Күлімдеумен гүл шоғын силағанға.
Көлбей білген көңілге кеңістік кең,
Мен күндерді тосамын жеңіс күткен.
Аштықтан соң, төзімің сарқылмаса,
Мөлдірейтін секілді жеміс біткен.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі