Жамалыңды көрсем-ау – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жамалыңды көрсем-ау» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 560
Көктегі сәт пе, жердегі сәт пе, айырман,
Дастархан толы бал тамған жырлар қойылған.
Күлкі төгілді, сүттей боп тұнған Айымнан
Жамалыңды көрсем-ау!

Сұр күндер кетті, сыйыспай – қызғаншақтармен,
Гүл күндер келді, хош иіс, сұлу бақтармен.
Қауырсын ұшты, жырмен жіберген хаттармен,
Жамалыңды көрсем-ау!

Жасыл жүрегім - жапырақ желпіп, ғаріпке,
Көзді ағызардай, теңселтті, сұмдық жарық кеп.
Жаптым, парағын – жер ақыретке әліппе,
Жамалыңды көрсем-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері