Тәуелсіз елім
Шапқан біледі, боз аттың халін,
Тыңдайды, әлем, ғажап жыр-әнің.
Күн боп, көгіңе шығып ал, енді,
Таң атты, алаулап, қазақтың таңы!
Иісін аңқытып, жұпар гүл егем,
Қазақпын, бүгін, қайта түлеген!
Жыр-жапырақты шашып, әлемге
Шайқатылып тұр, жаным бұл емен.
Көл боп, құрғаған, Арал болып ем,
Қырылған – мыңдаған, марал болып ем.
Жерімде тұрып, басынғандарға,
Намысын бермес, адам болып ем.
Бар боп кетсем де тойып, таспаған,
Құшағын жұртқа жайып, астанам.
Қазақпын ғой, мен, қонақ келді-, деп,
Жалғыз түйесін сойып тастаған.
Бұлбұл – Күләшпін, әлем еліткен,
Қажымұқанмын, темір көрік пе ем.
Асыл Мұхаммед с. ғ. с. үмметімін мен,
Алласын сүйген, алыс шеріктен!
Үш бимін, ханмын, сөзі жер асқан,
Бала бимін, көзін жаңа ашқан.
Ел басы иман тұғырында өсіп,
Елдермен дос боп, сөзі жарасқан!
Иманмен өссе- жаны гүлдейді,
Рахманилардың таңы – нұр, дейді.
Жүрегі қатты шетелдерде де,
Қазақтың мұңды әні жүр-, дейді.
Жомарттық – сенің болмысыңда еді,
Ұшырып жүрген шер құсың ба еді?
Алтыбақан құрып, ақсүйек ойнап,
Қазағым дала көркі шын еді.
Пәктік те сенің еншіңде бар-ау,
Әлем таңқалар көркің де зор-ау!
Желбіреп тұрсын, олимпиядада
Гимнмен тербеліп, көк туың жалау!
Сен сондай елсің, қазақтың елі,
Қазақтың елі – ғажаптың елі!
Жанкешті Рухыңмен жұлынып келсең
Қашып кетердей, тозақтың өзі!
Желтоқсандағы жан азабың-ай,
Сталин дәуірі талағанын-ай!
Бодан болғанда шерменде күйде
Не дауа болды, жара жаныңа-ай!
Аңырақайдағы «Елім-ай» жырың,
Қайғы жасытқан шерің- ай, мұңың!
Аққу-қазағым – қасиеттісің,
Пәктеніп күтті, көлің, айдының.
Әлем үлгі алар, сендей арлыдан,
Өлермендігіңнен өлмей, қалғыды ән.
Саңқ етіп, көкке көтерілді де
Томағасын сыпырды, қазақ – сол қыран!
Таңқалдыратын әлемді, бұл – сен,
Өртер, өзгенің өзегін, білсең!
Жер-дүниенің кілті сенде тұр,
Ұлы әруақ – қазағым, бұл – сен!!!
Алтын ғасырдың бесігі – сенсің,
Даланың сұлу – хош үні – сенсің!
Иманмен өскен ұл мен қыздарың
Дүние халқының асылы болсын!
Сөзіңде тоқтар мағына болсын,
Бұлбұлдың үні жағыңа қонсын!
Билерің – Дана, елбасың – Күн боп,
Ақының жыр боп, ағыла берсін!
Ибалы болып, қыздарың өссін,
Берекелі боп, тұз-дәмі жастың.
Қырағы ұлдарың Отанын қорғап,
Тұзағы үзілсін, құрғаны қастың.
Астана салды – әлем таң қалды,
Дала көркейіп, бәрі жанданды.
Әлемдік додада жеңімпаз болып,
Қзағым биік алды заңғарды.
Өнерде де озды, дара тұлғалар
Қыраның көп-ау, қанатын қағар!
Сөздің зергері – ойлы шешен-ді,
Қасиеттінің санатында олар!!!
Миуалы бағың, өзен-көлдерің,
Асқар тауларың, сұлу жерлерің.
Алтын ғасырдың бесігі болар,
Бесік тербеткен ғажап ел ме едің?
Ақылды ұрпағың өсіп келеді,
Көкейін арман тесіп келеді.
Әлем таныйтын қаламгерлерің
Қайығын жырдың есіп келеді.
Толқын заманнан қайықтай өтсең,
Әуен боп, көкте, қалықтай кетсең.
Жай болып, түсіп, қазағым жерге
Көзді ағызатын жарықтай жетсең.
Абай сәлемін, Сәкен сәлемін,
Үмітін жағып, күтіп ал, елім!
Яссауи бабамның иманындай бол,
Берекесі мен құты бар елім!
Көкке шығарсың, көгеріп, сонда,
Тектілігіңмен теңеліп, ханға!
Жүзіміз нұрлы болып тұрсыншы,
Жаратқанға ұнап, сол Мақшар таңда!!!!
Шапқан біледі, боз аттың халін,
Тыңдайды, әлем, ғажап-жыр халің.
Күн боп, көгіңе шығып ал, енді,
Таң атты, алаулап, қазақтың таңы!!!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі