Таңды күткен – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Таңды күткен» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Түн күзетіп, жыр отыр,
Ақтарылар, сыр ақыр!
Шыға келер, тұра тұр,
Таңды күткен бір жанмын!

Күлім гүлге ауысар,
Түнім Күнге ауысар,
Бақытына қауышар,
Таңды күткен бір жанмын!

Кестелеген орамал,
Жүрегінде жара бар!
Жарасынан зар ағар,
Таңды күткен бір жанмын!

Безіп, дүние қамынан,
Тау-тасынан жанып ән!
Науқасынан дамыған –
Таңды күткен бір жанмын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері