Жасын боп түстім – Гүлнәр Шәмшиева

Бұл бетте «Жасын боп түстім» атты Гүлнәр Шәмшиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.01.2022
  • 0
  • 0
  • 524
Жаңбырыма шомылған дәптерім-ау
Шам боп, түнге жағылған сәттерім-ау!
Жырымды оқып, баға берген – текті елім-ау,
Жасын боп, түстім, бүгін!!!

Бәйшешекке мас болып, жазықтарым,
Тоқтадым, түнектің қазып, зарын.
Қасіреттің сындырып, қазықтарын,
Жасын боп, түстім, бүгін!!!

Толған Айдай, толықсып, өлеңдерім,
Толғасам, Абыз-ойым терең менің!
Өрт ақынын сағынған, белеңдерім,
Жасын боп, түстім, бүгін!

Қанатымда гүл – көмейін, көкті, гүлмен,
Кеуделерге шоқ тасып, отты күннен!
Жүректерді тербетіп, текті жырмен,
Жасын боп, түстім, бүгін!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері