Көңіл неден күпті еді – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Көңіл неден күпті еді» атты Әлия Дәулетбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 950
Көңіл неден күпті еді,
Есіркеген кімді кім?..
Талайыма біткені,
Тесік қоржын тірлігім.
Расы осы, расы,
Сенбегенің неткенің?..
Ессіз күнім қыр асып
Екіндіге беттедім.
Қолқаға у тұндырып,
Сайтанды да ұнатқам.
Мен біреуді жынды ғып,
Мені біреу жылатқан.
¬Қиялыңда тозатын,
Сол күндердің бәрі аңыз,
Жауапсыз хат жазатын,
Сүрме кірпік қара қыз.
Сауап атын шақырып,
Арқаладық обалды.
Адастық та аһ ұрып,
Алданбайтын боп алдық.
Көздерім ғой күлетін,
Айтпаңызшы сенем деп.
Өзім ғана білетін,
Ақиқатым өлеңде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері