Елік көңіл елеңдеген

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 653
Елік көңіл елеңдеген,
Жаныңызға барғым кеп.
Сұрадыңыз менен неге,
Кімді сүйіп қалдың деп.

Сұрадыңыз неге менен,
Сезбеймісіз шынымен.
Түр танытып елемеген,
Өп-өтірік күліп ем.

Қалай оны айта аламын,
Қалай жетер батылым.
Атыңызды қайталадым,
Тек ішімнен...
ақырын...

Көзіңізде күдік тұнып,
Күрсіндіңіз, не дейін?..
Әлде бәрін біліп тұрып,
Сұрадыңыз әдейі.

Ерінімде есіміңіз,
Сезімім-ай сабылған.
Жауап беру, кешіріңіз...
Келмейді екен қолымнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елік көңіл елеңдеген өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Елік көңіл елеңдеген өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Елік көңіл елеңдеген өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әлия Дәулетбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Елік көңіл елеңдеген өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері