Жаңашыл әкім – Қатира Жәленова

Бұл бетте «Жаңашыл әкім» атты Қатира Жәленова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 839
Қызылорда қаласы әкімі
Нұрлыбек Мәшбекұлына

Жұртыңа бұрып бүйрегің,
Үміттің шоғын үрледің.
Кенжелеп қалған бар істі
Екпіндеп өрге сүйредің.
Өжеттігіңе жетер кім?!
Өткізбей текке бекер күн,
Шиелінің ашып шырайын,
Шоқтығын биік көтердің.
Дем берер елге өте көп,
Кеудеңде жанған от ерек.
Астанаға дейін жеткіздің,
Нартай әндерін жетелеп.
Жігерлі жас ең арынды,
Жұртыңа болдың жағымды.
Отызыңда орда бұзатын,
Алашқа атың танылды.
Суырылып шығып ортаңнан,
Өзгеше болды қолтаңбаң...
Жаңашыл әкім сен едің,
Атойлап тыңнан жол салған.
Әкімісің енді қаланың,
Қайырлы болсын қадамың!
Ескеріп заман талабын,
Еліңді көркейт, қарағым!

2013 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері