Өлең, жыр, ақындар

Жапырақпен сырласу

  • 17.01.2022
  • 0
  • 0
  • 674
– Тұрушы едің
Шаттана жырлап бұрын,
Неге бүгін
Шықпайды тым қатты үнің?
Сездің бе әлде,
Аз күндік ғұмырыңа
Секундтың да дәл қазір қымбаттығын?
Келіп тұрсың қалтырап,
Жыларманға,
Көрсеттің бе, әлсіздік сыналғанда?..
Өршелене тентек жел жармасады,
Айтшы,
Жалғыз жапырақ,
Кінәң бар ма?!
– Есірік жел үдетіп өз екпінін,
Келіп еді қанжарын кезеп бүгін.
Қарсыластым
Үзілмей сағағымнан,
Қалды ұнамай
Оған бұл өжеттігім.
Таусылмап ед өмірге құштар әнім,
Тұрғандаймын жүзінде ұстараның...
Ғұмырымды тағы да бірер сәтке
Ұзартсам деп күні-түн күш саламын.
Осыншалық, япыр-ай, берік пе едім,
Үзілмедім мен ғана...
Серіктерім
Жел үргенде
Тоз-тоз боп кеткен бәрі,
Көп-ақ едім болмаса,
Көрікті едім.
– Өмір қымбат, білемін, ұғынғанға,
Өмір-күрес...
Сенде әсте тыным бар ма?!
Неге, бірақ сарғайдың солғын тартып,
Айтшы,
Жалғыз жапырақ,
Мұңың бар ма?!
– Бір кездері
Базарлы,
Думанды едім,
Тірлік әнін әлі де
Жырлар ма едім?!.
Жалғыздықтан барамын солып-семіп,
Соңғы әнімді құлақ сап тыңда менің!
Жарқын жаздың
Жап-жасыл ұшқыны едім,
Сауық-сайран басымнан ұшты керім.
Өмір үшін,
Алайда, күресермін,
Біткенінше ақырғы күш-жігерім.
Тонап, міне,
Қарақшы күз де келді,
Қажет бірақ күдерді үзбегенің...
Мен бәрібір
Жаңғырып ораламын,
Келер жылғы көктемнен
Ізде мені!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аңсаған менің әнімсің

  • 0
  • 0

Бұрап тұрып
Домбыраның құлағын,
Сырлы саз боп
Көкірегіме құладың.

Толық

Қайта қауышу

  • 0
  • 0

Ерекше ғой осы күн өзге күннен,
Елжірей кеп көрістік өздеріңмен.
Студенттік шақтардың шарайнасы
Айналайын, шуақты көздеріңнен!

Толық

Мамыр айында

  • 0
  • 0

Көктем кеп жасыл
Жібектен шапан жапқанда,
Алма ағаш гүлдеп
Шашына бантик таққанда,

Толық

Қарап көріңіз