Мәңгілік от – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мәңгілік от» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.01.2022
  • 0
  • 0
  • 2792
(аударма)

Мәңгілік от қызыл жалын лаулаған
ұшқынындай жарқыраған көздердің.
Мәңгілік от — Күн нұрынан аумаған
ескерткіші жалындаған кездердің.
Күнде өтемін мәңгілік от жанынан,
жүрегіме саркылмайтын нәр алып.
Мәңгі бақи өшпейтін бұл жалыннан
батырлардың даңқы жятыр таралып.
Қорғағандар туған жердің намысын,
аңыз болып қалды бізге от күндер.
Жер үстінде ұрпақтардың бағы үшін
тіршіліктің отын жағып кеттіңдер.
Мәңгілік от, сөнбе, сөнбе, алаула —
жайып жатсың сен ерлікті ғажайып.
Мен келемін жалыныңа қарауға
жүрегімде кетсе жылу азайып.

ГҮЛСАЙРА МОМУНОВА


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері