Кейбіреуге қараймын – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Кейбіреуге қараймын» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1260
Кейбіреуге қараймын:
желпілдейді түндігі;
керісінше талайдың
қыбыр-жыбыр тірлігі.
Маза да жоқ өзінде,
емінеді отқа құр;
пәтуасыз сөзінде
дән түгілі – жоқ тамыр.
Дариядай
күндегі
олар кешкен тіршілік,
өзі-өзінен жүргені
батып-шығып тұншығып.
Ауырса да, көремін,
ыңырсиды емделмей,
ақыр заман дегенің
тек соларға келгендей.
Жақын кетті жөнімен,
достарын да көрмедік,
жатқан да жоқ онымен
шаруасы жөнделіп.
Жүрегің де жаншылар,
ғұмыр өтіп осылай.
Күйбеңіңнің таусылар
күні бар ма, досым-ай?!
1988


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері