Қалқан – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қалқан» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1142
Ниетің – жомарт күзімдей,
мен үшін сұсың жүзіндей
қайраулы қара балтаның
қағатын жалған, жалтағын.
Арамыздағы сезім-нұр
тұрғай-ды мәңгі үзілмей?..
Халқымның көңілі – қалқаным,
қалқаныма үміт артамын.
Көңіліңнен шықсам, қайралам!
Жыр-желіге мені байлаған
өзіңсің алтын арқаным!
1990


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері