Даланы жалғыз жайланып – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Даланы жалғыз жайланып» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1355
Даланы жалғыз жайланып, шымылдық құрып жатты түн. Киіз үй. Көгал. Ай жарық. Бағандай биік ақ түтін
өрлейді көкке жай ғана, леп жок - сирек тыныш шақ. Ұйқыға бөккен айнала, табиғат жатыр тыныстап.
Қараңғы құшып жасыл маң, тентек жел кеткен түңіліп. Боз жусан - жұпар шашылған. Көңілде - көктем бір үміт.
Ару Ай кербез, гүл ірең, сүйкімді сұлу жас қылық, жұлдыздарды да нұрымен бір сәтке сәуле шаштырып,
барады көкте шат түрмен, аспанды дара басқарып. Көз ілмей Жерде жаттым мен жусанды жалғыз жастанып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері