Қарияларға бата – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қарияларға бата» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1986
Түндерің тыныш болсын,
үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш әкелсін,
немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын,
дастарқандарың мол болсын!
Қатарларың көп болсын,
уайым-қайғы жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмеңдер,
зұлымдардың жаласын көрмеңдер!
Еліңде бірлік болсын,
жарасты тірлік болсын!
Әумин!
1989


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері