Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Келді көктем қайтадан салады өрнек

Бұл бетте «Келді көктем қайтадан салады өрнек» атты Шөмішбай Сариев жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 01.04.2022
  • 0
  • 0
  • 755
Келді көктем қайтадан салады өрнек,
Хош иісі көк шөптің дала кернеп.
Сағынышпен құстарды қарсы алуға,
Гүл қаптап тау төбені барады өрлеп.
Келді көктем, мәңгілік тұрмайды анық,
Суретші жанары ұрлайды анық.
Композитор көзіне – әнге айналып,
Ақынның жүрегінде — жырға айналып.
Өнерлілер өмірді шалқып көріп,
Табиғаттай оралмас қайтып келіп.
Мәңгі жасап кетеді көктемдерін,
Бір-ақ бір өмірге айтып беріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Келді көктем қайтадан салады өрнек өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Келді көктем қайтадан салады өрнек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Келді көктем қайтадан салады өрнек өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Келді көктем қайтадан салады өрнек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері