Тілдесем таудың биік шыңдарымен – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Тілдесем таудың биік шыңдарымен» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 876
Тілдесем таудың биік шыңдарымен,
Мұңаям – бұл даланың
мұңдарымен.
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың —
Келемін бірге шөлдеп
Құмдарымен.
Кездесіп дүниенің гүл шоғымен,
Бұлаққа аңқам кеуіп сусадым мен.
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың –
Келемін бірге шөлдеп
жусанымен.
Дүниенің осынау жалғаны кең,
Бақытқа бір қану бер,
арманым ең,
Шөл даланың ұлымын,
шөл даланың –
Келемін бірге шөлдеп
нарларымен.
Төздім мен
аптабы ыссы күндеріне,
Жаныммен жүлдыз шашып
түндеріне.
Ғашық болып шөлдедім
бұл далада,
Асық болып шөлдедім
гүлдеріне!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері