Әйелдерді іздесең – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Әйелдерді іздесең» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 943
Әйелдерді іздесең,
Түнгі жұлдыз арасынан ізде сен.
Үмітіңді үзбесең,
Келер көктем, жаз дәурен мен күзге сен.
Әйелдерді іздесең,
Ізде гүлдер, бақтардан.
Үмітіңді үзбесең,
Сырын гүлдер ақтарған.
Әйелдерді іздесең,
Ізде орман арасынан адасып,
Үмітіңді үзбесең,
Сан адасып, сен ақыры табасың.
Әйелдерді іздесең,
Бұл өмірде өзіңді-өзің тапқаның.
Үмітіңді үзбесең,
Сен аңдамай бір басарсың қақпанын.
Үмітіңді іздеумен,
Ұшқын лаулап, от шығар.
Әйелдерді іздеуден,
Артық бақыт жоқ шығар!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әйелдерді іздесең өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Әйелдерді іздесең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әйелдерді іздесең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әйелдерді іздесең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері