Өлең, жыр, ақындар

Лирик ақын

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1102
Кездерінде күн аман,
Көрген сәттен ұнағам.
Бауырға алды аға боп,
Қайран менің ТҰМ-АҒАМ!
Кие жырым тұмарды,
Бір баса алмай құмарды.
Жалындатып жарқ етіп,
«Жас керуенге» шығарды.
Көрген сәттен ұнаған,
Бір мен үшін тірі ағам,
Бұлақ көзін ашқандай,
Жолымды ашты ТҰМ-АҒАҢ!
Рухани аш елі,
Өлең қатқыл тас еді.
Сталиндік заманда,
Лириканың басы еді.
Шідерлетіп тасқанды,
Қуып жетіп қашқанды.
Жылы өлеңнің жарығы,
ТҰМ-АҒАҢНАН басталды.
Жырдың жанып көрігі,
Жеке бастан жеріді.
Бұрын қатқыл өлеңдер,
Көктем келіп еріді.
Қазағымның Күні аман,
Өлеңімен тірі Адам,
Құдіретті лирика,
Тұла бойы ТҰМ-АҒАҢ.
Жанымызды тербеткен,
Жүректерге жол жеткен,
МОЛДАҒАЛИЕВ ТҰМАНБАЙ,
СОЛ БІР ӨЛЕҢ, СОЛ КӨКТЕМ!!!

7 қазан 2012 жыл
Алматы шаһары



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Лирикада бір сиқыр күш билейді

  • 0
  • 0

Лирикада бір сиқыр күш билейді,
Оны жүрек қалай ғана сүймейді?!
Қолға түспес терісіндей еліктің,
Орап алып жан-жүректі илейді.

Толық

Бәрі де сүйгенім саған

  • 0
  • 0

Мен әдемі киінсем де,
Өзің деп сүйінсем де
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Мен бұлттанып мұңайсам да

Толық

Күз демі

  • 0
  • 0

Күздің алтын жапырағы сарғайды,
Алтын сәуле жанарыңды арбайды,
Алтын шапақ арайланып батады,
Алтын таңым жүрегімді жалғайды.

Толық

Қарап көріңіз