Таң атсын, күн батсын – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Таң атсын, күн батсын» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1216
Таң атсын, күн батсын,
Өмір сен қымбатсың.
Жырымды әлемге,
Дүние тыңдатсын.
Жүрегім ғарышқа,
Жанымен тіл қатсын.
Жұмбақ бұл өмірден,
Құпия сыр жатсын.
Тоқыған өзендей,
Өнерлі ырғақсың.
Толқымай, толқымай,
Қалайша тұрмақсың.
Таң атсын, күн батсын,
Өмір сен қымбатсың!..

17-18 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері