Жұлдыз жолы ағылған

Бұл бетте «Жұлдыз жолы ағылған» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.04.2022
  • 0
  • 0
  • 887
Жұлдыз жолы ағылған,
Мауқын басар сағынған.
Түн құпия махаббат,
Түн көрпесін жамылған.
Қайда бақыт, қайда бақ,
Жұлдыздармен Ай қарап.
Құшақтасқан түнгі әлем,
Ай астында аймалап.
Тәтті қандай түнгі ерін,
Сорған балдай тілдерін.
Аймаласып қос ғашық,
Істеп жатыр білгенін.
Жұлдыз айын шашқанда,
Түн көрпесін басқанда.
Төңкеріліп дүние,
Қос жанары аспанда.
Балалықпен қоштасып,
Жастық дәурен досқа ашып.
Дүниеде ешкім жоқ,
Бұл әлемде қос ғашық.
Көздер жанып шырақтан,
Сезім толқып бұлақтан.
Қос махаббат құлатпай,
Түнгі аспанды ұстап тұр.

26-27 қаңтар 2011 жыл
Алматы шаһары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз жолы ағылған өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз жолы ағылған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз жолы ағылған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз жолы ағылған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері