Еврей сазы – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Еврей сазы» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 955
Көргем кейде түнде жұлдыз жарқырап,
Шағылғанын суы мөлдір шығанға.
Дір-дір етіп, күміс толқын шашырап,
Жалт береді сол жұлдыздан қиянға.
Алданба құр, аптықпа сен жетуге:
Толқын, сәуле қолға түспей әуре етер
Көлеңкең құр қарайғанмен бетінде,
Сәл ығыссаң, толқын беті жарқ етер.
Қуаныштың сағымы да мазаңды ап,
Тартады бір тас қараңғы тұманға;
Тап берсең - ол жалт береді қалжыңдап
Алдандың құр - тағы келіп тұр алда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері