И...ге – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «И...ге» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.05.2022
  • 0
  • 0
  • 659
Алдамшы түске арбалған
Кезімде мынау шерменде
Безінген жандай жалғаннан
Кетсем мен түстік елдерге,
Тілдерін сұғып кекесін,
Салса жұрт мені зар-мұңға,
Қорғаныш болар ма екенсің
Қатігез жандар алдында?
Қорғашы!.. Жастық шақ үшін,
Құтқаршы өсек-желдерден.
Ант етші! Шаттық ағылсын,
Кетпесін мәңгі кеудемнен.
Айтайын шаттық куәсі –
Жүрегім елде қалды деп,
Кешіріп жастық кінәсын,
Қайғыма мейірі қанды деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері