Жағада – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Жағада» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2357
Шуылдап толқын,
Суылдап желі соғады,
Екпінді қарқын, толассыз үдеп ағады.
Жағада тұрмын, жағаға тығып мойынды.
Сұп - суық қолын, қойныңа теңіз тығады.
Тобықтан кіріп, тортадай торғын құмына,
Тосаңдау таудың қараймын найза шыңына.
Желі мен жауын, жебедей ұшын өткірлеп
Өркенін жайған, жасырып нуын ығына.
Көңілім шалқып, жеңілдеу тартып арқам, бой,
Ұшады қиял, толқындай толып арқан-ой.
Жағада тұрмын жаныма жағып жел исі,
Тегін ауа, тіршілік сыйы - арзан ғой.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері