Гусар

Бұл бетте «Гусар» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 678
Қырмызы қызыл қалпақты
Көңілді, сері гусарым.
Біліп қой өмір алдапты,
Бақытын өткен құр сағым.
Мұртыңды маңғаз ширатып
Сан тойды еске аласың.
Қара ойға кетпе тым батып,-
Түк емес мұрттың қарасы!
Тағдырға бұлдыр еркелеп,
Мағынасыз қызба құр текке
Ешкім жоқ деген сен керек,
Жатқан жоқ ешкім құрметтеп.
Қамшыңды көкке үйіріп
Шыққанда атпен желпінген
Тұрмас қыз жолда қиылып:
Мен ғой, - деп - мұнда келтірген"
Жел болып ұшып, желігіп
Шапқанда ессіз жауыңа
Ертеңге етер сені үміт
Тілеуқорың жоқ ауылда.
Гусарым керек неліктен
Жүрегің босап, болған ез?
Айтсаңшы қайда періштең?
Қайда жүр қайран қара көз?
Шарапқа толса бокалың
Дәрменсіз қалдың, үнің жоқ
Осынша неге оталдың,
Бұрынғы дәурен күнің жоқ!
Емес ең мұндай тым нала
Көп жүрдің, көп көрдің ғой
Тек соңғы қызбен біржола
Жүректің отын көмдің ғой.
* * *
Қараймын өкше темірге,
Атымның тескен бүйірін,
Толғантар ой кеп көңілге,
Сезімін жүрек дірілін.
Бабамыз біздің ал, шырақ,
Темірді мұндай білмеген.
Сәйгүлігін қамшылап,
Жортыпты дала, қырменен.
Ескілік деген азапты,
Ұмытып, білгір күйге ендік.
Жасауды небір ғажапты,
Шет жұрттан көріп үйрендік.
Ұрушы ек, енді бұғамыз,
Қорғаштап арқа намысын.
Қайсысын оң деп ұғамыз,
Құдайым өзі танысын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гусар өлеңінің авторы кім?

Михаил Лермонтов — осы өлеңнің авторы.

Гусар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гусар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Михаил Лермонтов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гусар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері