Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ – Михаил Лермонтов

Бұл бетте «Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ» атты Михаил Лермонтов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 821
Өртенсе де махаббаттың күшімен,
Бір-біріне сыр ашпады тісінен.
Гейне.

Олар сүйді бірін-бірі сонша нәзік, әрі ұзақ,
Жүректерде құштарлықтың қара дерті азынап,
Бірақ соны мойындауға жауласардай сескенді,
Сондықтан да махаббаттан беріспеді еш белгі.
Қалды олар тәкаппар сол үнсіз ғана қалпымен,
Түстерінде бірін-бірі көріскенге мәз болып.
О дүниеге сапар шегіп, кездескенде ал кілең,
Бірін-бірі танымады, ұғыспады наз болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері