Талғамыңа сай келсе - тас жұтасың – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Талғамыңа сай келсе - тас жұтасың» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 1
  • 2116
Талғамыңа сай келсе - тас жұтасың
Тас жұтасың,
Тауды да қылғытасың.
Тоймайды - көз,
Ашқарақ көңіл-қарын
Дүниеге байлайды құл ғып басын.
Қызыққа,
Рахатқа,
Құшақ ашып,
Ізгіліктің ізіне дұзақ басып.
Тиянақсыз құлқынның - жетегінде
Ұрпағыңа жүресің азап тасып.


Пікірлер (1)

Сұңғат

Қазақ жастарына сабақ болар өлеңдер екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері