Жасыл тыныштық – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жасыл тыныштық» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1007
Күн ыстық.
Айналам
жасыл тыныштық.
Жанарың қай жақты қармасын
жап-жасыл.
Жап-жасыл
сай-сала, қырат та,
жап-жасыл
дәп қазiр
жауап та, сұрақ та.
Жап-жасыл
дүние үстiне
жасыл бояуды құясың.
Автоқаламдай
өзiмдi малам да
сорғызам денеме
осынау
жап-жасып табиғат сиясын.
Ойпаңға дамылдап
шығамын белеңге,
жап-жасыл
әрiп те, өлең де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері