Бұлт жылады

Бұл бетте «Бұлт жылады» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 625
Бұлт жылады.
Бауырын қара тасқа талқандап ап,
Қағып ап тамшыларды толғанды алап.
Кең дала айқыш-ұйқыш жолдарымен,
Бұл тауды тастапты ғой арқандап-ақ.
Қос терек бiр-бiрiне мың қарасты,
Бас шайқап ақырында кiнәласты.
Ақ бұлақ асығыс кеп аңтарылған,
Тырнап ап құзар шыңды тұра қашты.
Қара түн сипайды тау арқасынан
Жоғалтып ай — теңгесiн қалтасынан.
Құзға кеп тiрелген жол тұрып қалды,
Шорт кесiп ақ балтырын ортасынан.
Қарашы сонау жатқан тау соқпағын,
Лақтырып тастағандай дәу шоқпарын...
Самалмен жәй теңселген кәрi емендер
Кезенер бiр-бiрiне саусақтарын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт жылады өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Бұлт жылады өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт жылады өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт жылады өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері