Өлең, жыр, ақындар

Шөл

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 688
Шөл бар менде Қызылқұмдай аптаған
өртеп менi ыстығына қақтаған.
Мүмкiн емес өлшеу оның аумағын,
сыйып кетер оған теңiз, тауларың...
Кiшiрейтiп ала алмайсың масштабпен
оның бүкiл ауданын.
Өкпе-өзектi,
жүрегiмдi суырып,
жатады ол өн бойымды қуырып.
Мейлi менi ауысқан де, есер де! –
мейiрi оның қанбайды
күндiз-түнi төксе-дағы нөсерлер.
Төзем әрең көнбесем де,
көнсем де
қанбайды ол аңызақ боп қақтаған
Байкал менен Балқашты алып келсең де.
Қанбайды ол шығарсаң да ел-селiн.
САҒЫНЫШ деп аталады ол шөлiм.
Кебiрсидi өкпе, жүрек, алқым да, –
жатады ол туған жер боп алдымда.
Ендi бiрде қыздырады, қысады,
болмай қалса достарымның құшағы.
Азабына көнбе мейдi, көн мейлi
алғашқы бiр махаббат боп өртейдi...
Өн бойымды орап ыстық жалынмен
қақтайды шөл жүрегiмдi жаныммен,
Ақырында жетпей төзiм, шыдамым,
сол шөлден мен өлетiн де шығармын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тазша бала

  • 0
  • 2

Көне алмаған өктемдiкке, жалаға,
көне алмаған қараулыққа, қараға
жатқан қанша тапқырлық пен оттылық
шынашақтай осы Тазша балада.

Толық

Қарала сиыр

  • 0
  • 0

Болдым мен бала шағымды
есiме жиi алатын...
...Бiздiң үйде сауырлы
Қара сиыр болатын.

Толық

Қазақтың тағдыры

  • 0
  • 0

Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған

Толық