Жаралғандай бауыр етi темiрден

Бұл бетте «Жаралғандай бауыр етi темiрден» атты Темірхан Медетбек жазған бауыр туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 756
Жаралғандай бауыр етi темiрден
оңашалық, оқшаулыққа телiнген
бiр сөз айтпай өтетұғын ғұмыры
адамдар бар өмiрде.
Тиiспеген бiр адамға ұрынып,
Жаңылмаған не тайғанап, сүрiнiп.
Отырады бұрышқа кеп үндемей
өзiне-өзi жылынып,
өзiне-өзi тығылып.
Жайлап алған үнсiздiктiң қонысын,
ал бiреулер дұрыс дейдi онысын.
Адалдықты жағадан ап жалғандық
сабап жатса
бермейдi ол қол ұшын.
Бiреу келiп бiр жолдасын түсiнбей
қызып кетiп көрсетедi күшiн де.
Ал ол болса тымырайып тұрғаны
үнсiздiктiң боз тұманы iшiнде!
Бiреу бiлiп,
бiреу бiлмес есiмiн,
айтпайды ол ештеңенiң кесiмiн.
Көрмеген ол бiр адамды кешiрiп,
сұрамаған бiр адамнан кешiрiм.
Жұмысқа кеп жұмысынан қайтады,
жоқ жүзiнде сезiм нұры, ой табы.
«Тыныш жүрсең – тоқ жүресiң» – ақылы,
оны да ол iштен ғана айтады.
Үндемейдi жиналыста, бөлмеде,
мүсiн дерсiң шығып кеткен көрмеден.
Бiр адамды кiнәраттап, айыптап,
бiр адамды қорғап әлi көрмеген!
Тiлегенi:
болса болды бас аман.
Жүргенi тек оңашада, тасада.
Қоғам үшiн,
өмiр үшiн,
ел үшiн,
байқайсың ба,
қауiптi ғой осы адам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаралғандай бауыр етi темiрден өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жаралғандай бауыр етi темiрден өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаралғандай бауыр етi темiрден өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бауыр туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаралғандай бауыр етi темiрден өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері