Мен бүгiнде қалайша жайланамын

Бұл бетте «Мен бүгiнде қалайша жайланамын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 690
Мен бүгiнде қалайша жайланамын,
бәрi де дөңгелейдi айналаның.
Жер күндi,
ал Ай Жердi айналады,
Тамшы қан өн бойымды айналады.
Тұрады бар дүние айналыстан,
бұл өмiр айналыспен байланысқан.
Жерде де,
көгiмде де,
денемде де
айналыс, айналыстар, айналыстар.
Айналыс,
айналыстар,
айналыстар –
думаңды, дүркiреген тойлы ағыстар.
Айналар жұмыр жердi шыр көбелек
космос кораблi айлап ұшқан.
Салсаң сал тiлiп өтем өрге менi
несiне оның ендi бәлденемiн, –
дегендей жер апшысын қуырады
зырқырап жылдамдықтың дөңгелегi.
Жүректен төгiлсе егер қайралып жыр,
жасымды домаланған ойға алып жүр.
Бiр үмiт құйын болып үйiрiлiп,
бiр күдiк дәл төбемде айналып жүр.
Көгiмде Күн күлiмдеп, тұр Ай жанып,
күнiне мың толғанам,
мың ойланып.
Ойланам, ойланамын
ақырында
кетедi жұмыр басым шыр айналып.
Сонан соң жырға қайта шүйiлемiн...
Өмiрiм өзiң неткен қиын едiң...
Шарқ ұрам шырылдаған құс сияқты
iшiнде шыр айналған дүниенiң.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен бүгiнде қалайша жайланамын өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Мен бүгiнде қалайша жайланамын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен бүгiнде қалайша жайланамын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен бүгiнде қалайша жайланамын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері