Өлең, жыр, ақындар

Саған

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 581
Жалғыз өзiң бар дертiме дауадай
аппақ нұрын құйып саған ауады ай.
Жеп-жеңiлсiң желпiп соққан самалдай,
жеп-жеңiлсiң тынысымдай, ауадай.
Сенi көрсем ескермей жан азасын,
ұмытамын қатал тағдыр жазасын.
Сылқ-сылқ күлiп ағып жатқан шымырлап
судай мөлдiр,
судай сұлу тазасың.
Шақырсаң сен –
құс болам да ұшамын,
ұмытамын не екенiн құсаның.
Күйдiретiн, жандыратын, өртейтiн
күндей ыстық,
күндей ыстық құшағың.
Жырлатса өмiр –
сенi маған жырлатсын.
Асылымдай, ардағымдай қымбатсың.
Жер сияқты қарапайым кәдiмгi,
жер сияқты қатпар-қатпар жұмбақсың!
Астан-кестен етiп тымық кезiмдi,
ажар бейнең қарып кеттi көзiмдi, –
Су мен Ауа,
Жер менен Күн бiрлесiп
осы қазiр жаратқандай өзiңдi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем желі

  • 0
  • 0

Сақылдаған сары аяз,
Боран мен борасын,
Омбы қар...
Бәрi де, бәрi де кеттi-ау;

Толық

Өлді жігіт асылып

  • 0
  • 0

Еске түссе кетемiн ғой ашынып,
Еске түссе қаламын ғой шашылып, –
айдың күннiң аманында осынау
өлдi жiгiт,

Толық

Ұйқастар

  • 0
  • 0

Ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен
тұңғиық түпсiз тереңнен,
теңiзден долы толқынын атқан кемерден,

Толық

Қарап көріңіз