Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 610
Еш өзгерiс болмаса да түрiнде,
түбiрiнде,
тамырында,
үнiнде
адам деген адам емес дәл қазiр
құдiрет қой адам деген бүгiнде.
Кейде ұмытып сыпайылық, зиятты,
кетедi ғой белден басып ұятты, –
мынау ұлы табиғаттан ол емес,
табиғатты ол тудырған сияқты.
Өне бойын долы қуат күш керiп
жүредi ылғи ызаланып тiстенiп.
Содан ба екен,
содан ба екен бiлмедiм
иығына қонбайды оның құс келiп.
Сөздер айтып айналасын аластар
сонда өтедi айтыс,
тартыс,
таластар!
Содан ба екен жапырақпен аймалап,
бұтағымен құшпайды оны ағаштар.
Бүгiнiмен келешекке қарғыған
ойларыңда ойлар бар ғой қаңғыған.
Содан ба екен,
содан ба екен еркелеп
аңдар бiткен шықпайды оның алдынан.
Аспандап кеп қарап мынау жерiне
қатерлi бiр шешiм айтар көбiне...
Содан ба екен қорқады одан түршiгiп
аңдар,
құстар,
ағаштар да... – бәрi де!
Айтатұғын әрбiр оның сөзiнен
бiрде аптап,
бiрде суық сезiнем...
Бәрiн, бәрiн шошындырып қорқытып
адам ендi қорқып отыр өзiнен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өсекшіге

  • 0
  • 0

Бәрiн де естисiң.
Бәрiн де көресiң.
Естiп, көрмесең –
Өлесiң.

Толық

Пендешілік қорқыныш

  • 0
  • 0

Өзіңді өзің
Тығырыққа тіреп
Өкінішіңді ойласаң
Көп күн өледі...

Толық

Неткен ұлы жарасым!

  • 0
  • 0

Неткен ұлы жарасым! –
әлемнен сыр аулаған
мына бала, қарашы,
екеумiзден аумаған!

Толық

Қарап көріңіз