Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім – Тортай Сәдуақас

Бұл бетте «Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім» атты Тортай Сәдуақас жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.04.2021
  • 0
  • 0
  • 563
Жағажайда жалғасқан бұл бақ керім,
Жаздай, Айнам, бір қызыққа батты елің.
Аққу қыздар айдынында, беу, қандай,
Құралай көз, кептер кеуде, тәтті ерін!
Қонақ келсе қошеметтеу салтың шын,
Мөлдіріңе тас атқанды ант ұрсын.
Сәулетіңе күнде көріп ғашықпын,
Қиырдан кеп құмар болған жан тұрсын.
Серуен құрып келген жандар сейілмен,
Сенен табар сері мінез, пейіл кең.
Ана болып қарсы аласың аңқылдап,
Қарсы аласың бәрін ыстық мейірмен.
Айнакөлім, шабытты өлке, шатты өңір,
Сенде өйткені сәнді тұрмыс, тәтті өмір;
Алауыздық болмас та еді адамда, –
Болса егер де бәрі сендей ақ көңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері