Ішінде жыланы бар адам

Бұл бетте «Ішінде жыланы бар адам» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.06.2022
  • 0
  • 0
  • 562
Қауiп пенен қатер жатқан күшiнде,
зымияндық, сұмдық жатқан iсiнде, –
тойымы жоқ, қойымы жоқ ғұмыры
адам көрдiм жыланы бар iшiнде.
Бiр қанбаған құтырынған құмары,
сарсаң еткен бүлiгi мен ылаңы, –
тойдыра алмай жатты оның аранын
iшiндегi аласұрған жыланы.
Болмай бiр де қанағаты, iркуi,
тоят таппай құрдым түпсiз құлқыны, –
ашкөзденiп, ашқарақтап, апыр-ай
жұтып жатты дүниенi күн-түнi.
Жиып қойып кiсiлiктi, өрлiктi,
жиып қойып имандылық кеңдiктi, –
тонап елдiң қазынасын, байлығын
тауды жұтты, жердi жұтты, көл жұтты.
Гүлзарларым қурап қалды құм болып,
ормандарым құлап қалды күл болып,
Жылай-жылай қарғыс сiңiп ашыған
көз жасы елдiң кеткен едi у болып.
Үрей ұшып бүлiгiнен ылаңның
дала жатты қайғысында тұманның.
Қарғыс сiңген улы жасы халықтың
күштiрек қой уынан да жыланның.
Ойлаған соң өз жұмырын, өз басын
мешкей құлқын қалай өршiп қозбасын...
Бәрiн жұтып түк қалдырмай
Сонан соң
елдiң сол бiр жұтты улы көз жасын.
Ернеуiнде тұрған көр мен табыттың
тағдырларын тәлкек еттi ғарiптiң...
...Сол бiр адам өлдi ақыры
iштi де
қарғыс сiңген улы жасын халықтың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ішінде жыланы бар адам өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ішінде жыланы бар адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ішінде жыланы бар адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ішінде жыланы бар адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері