Ашу – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ашу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 724
Елiмнiң бойына
Алапат ашу кiрдi.
Шартылдап сiлкiнген
Жасын кiрдi.
Ормандар
Даланың түгiндей тiкiрейдi.
Жота-қырларым
Атылатын айдаhардай
Бүкiрейдi.
Толқындарым
Арқырап көтерiлiп
Сарқырап төгiлдi.
Даламның көбесi
Қақырап сөгiлдi.
Қаратауым орнынан –
Үстiнен тастар домалап! –
Тұрып кеткендей болды.
Дауылдар бәйтеректердi
Тамырымен қопарып
Жұлып кекендей болды.
Қара бұлттар
Өгiздей өкiрiп
Күркiреп жатты,
Найзағайлардың
Иiр-иiр мүйiздерi
Алатауды жарып жiберердей
Сүзгiлеп жатты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері