Оқиғалы өлең

Бұл бетте «Оқиғалы өлең» атты Темірхан Медетбек жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 26.06.2022
  • 0
  • 0
  • 696
Маңғыстаудың
Өңменіңнен өтетін
Ақ түтек
Үскірік бораны
Соғып тұр.
Алды-артын
Түгел жапырып
Орып тұр...
...Бір топ жылқышы
Бір үйір жылқыны
Қақпақылдап қуып
Қарысып келеді.
Ұйтқыған боранмен
Алысып келеді...
Бір кезде
Иесіз
Қара қора көрінді.
Үміттің оты жылтырап,
Қатердің бұлты сөгілді.
Құрықтарын сермеп,
Қиқулап жүріп
Сол бір үйірді
Қара қораның ығына иірді.
... Күреңіткен
Кеш те боп қапты.
Жігіттер жиылып
Көң қопарып
От жақты.
Сол кезде бір жігіт
Көңнің астынан
Қамшыдай созылған
Сұп-сұр бір жылан
Тауып алды.
Отқа қыздырды.
Қайтадан
Бауырына басты...
Жан-тәнін салып
Тізесін бүктіріп
Қолын талдырды.
... Бір кезде
Жыланға
Жан кірді!
Басы қайқаңдап,
Бұлғақ-бұлғақ етті.
Сол сәтте жігіт
Аһ ұрды...
... Жанданған жылан —
Отқа қыздырып,
Бауырына басып! —
Жылытқан жігітті
Тамырынан шағып
Сеспей қатырды...
Қазақтың тағдыры осы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқиғалы өлең өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Оқиғалы өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Оқиғалы өлең өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Оқиғалы өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері