Орда өлеңі – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Орда өлеңі» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1650
Асыр салып жарысқан
Құлын тайдай торлана,
Келдім аңсап алыстан
Мені туған Ордама.
Құшақ жая қарсы алдың
Ағайындар Әженнен,
Көрмей жүрсем аңсармын
Туған жерім ежелден.
Сағымменен мұнарта
Қарағайсың қол бұлғап,—
Көргенде-ақ құмарта,
Өлеңге де қонды ырғақ.
Жырыма жастай ілінген
Ыстық-ақсың тым,
Орда, Жалаңаяқ жүгірген
Ізім қалған құмыңда.
Отырсам да, тұрсам да
Көз алдымда Жасқұсым,
Өзгеге жаман болсаң да,
Өзіме тіпті жақсысың!
Бала жастан өсірген
Қызыл құмың құндақтап,
Ұлдарың сенің ел сенген
Үмітіңді тұр ақтап.
Жыл құсындай сағынып,
Келдім самғап өз Ордам,
Артқан маған сан үміт
Ақталар, сенен көз алман.
Отырсам да, тұрсам да
Көз алдымда Жасқұсым,
Өзгеге жаман болсаң да
Өзіме тіпті жақсысын.

1958


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері