Әлемге ана

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1108
Әлемге ана, төсін керген кәрі жер,
Жалаңаш қар, әппақ тәнін қыста көр.
Жылт-жылт... жұлдыз толған алтын моншақ па
Аспан-көктей қалпағына тізгендер.
Кейісе түн, қуанса күн жарқырап,
Емшегі тау, сүті бұлақ сарқырап;
Күлгені таң; сылдыр-сылдыр шолпысы
— Гүл жапырақ сылдырлаған қалтырап.
Ана әлемді бауырынан асырап,
Алтын, күміс, кені шыққан шашырап,
Без емшектен шымшып алтын көніп ап,
Жердің ері жұмыскер күш асырады.
Еңбек иесі жұмысшы тап құшаққа ап,
Жер шарына теңдік туын тұр сақтап,
Бақыт шашып жер бауырын балқытып,
Мәңгі құшпақ — шеңберінен құшақтап.
Таптың ері талмай таптық жолды ақтап,
Жер шарына теңдік бақыт орнатпақ.
Серпілдіріп жерден қара тұманды,
Таңның ерке, алтын бұлтын ойнатпақ.

1929


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлемге ана өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Әлемге ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Әлемге ана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлемге ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері