Дон – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Дон» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 789
Кубань берік қазақтардың
Күлтеленген бүліс жоны,
Құзды жара, азат елдің
Көлбей аққан күміс Доны.
Көрдім Донның толқындарын,
Ақ сұңқардай саңқылдаған,
Жалтарысы — партизанның
Қылышындай жарқылдаған.
Қыз, бозбала шомылысқан
Донның сұлу назды өзені,
Қандай қызық аққу ұшқан,
Қаңқылдаған қаз жүзгені.
Көк құрағы берген көрік
Көркейе өскен шынарымен,
Алғыр қазақ алған ерік
Аттың ойнап құлағымен.
Сонан бері тынық Донның
Толқындары еркін аққан,
Сонан бері терең ойдың
Шын шабыты қанат қаққан.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері