Өлең, жыр, ақындар

Өлеңім - полюс жұлдызы

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 806
Ұшқыштар ұлы отаннан қанаттанып,
Одақтан Солтүстікке қанат қағып,
Ұшқанда, пропеллер әнін қосып,
Самғады өлеңім де бірге аттанып!
Аспанның жеті жұлдыз қарақшысы,
Қадалып Темірқазық санақшысы,
Жарқылдап өлеңіме айбат шекті
Көк бұлттың нажағайдай садақшысы.
Көк Мұхит аспан-көктің жұлдыздары,
Мұз өркеш, суық Сібір шың, құздары,
Қиялдың ертегісін жер арқылы
Сыбырлап... ызыңдады, үн қозғады.
Айтты олар мұз балақты қораның да,
Кезқұйрық, қаршығасы қияның да,
Полюске ұшып жете алған емес,
Құс түгіл, фонтазия — қиялың да.
Айтты олар: «Қиялынша — көк өгіздің,
Ұсталып мүйізіне жер өгіздің,
Көтеріліп, өгізді тұр көтеріп,
Балығы жер астында су теңіздің.
Айтты олар: ертегіні күбірлеген,
Біз санап,— деді,— әлемді түгендеген,
Адамның қиял құсы бір уақытта
Көкке ұшпақшы болған ед кілемменен.
Айтты олар: самолеттің үстіндегі,
Сен де өлең ұшқан өрге құссың деді.
Алмақ түгіл Полюсті көре алмайсың,
Бекер-ақ қиял көкке ұштың деді.
Сол кезде: күміс қанат үстіндегі,
— Өршігіп, егеске өлең,— түстім,— деді.
Өмірімнің өрбіген өлеңімін
— Істіңдағы күйімін — күштің,— деді.
Ақын айтқан: Шмидтпен сен де аттан деп,
Солтүстік ысқырған мұз желге аттан деп,
Адам да, адамның ой, қиялы да
Жетпеген бұған дейін жерге аттан деп.
Сол мезгіл самолеттің ішіндегі
Ер Шмид айбаттанып күшіндегі,
Пилот та қабақ түйіп құлшына ұшты
Лашындай жарқ-жұрқ еткен пішіндегі.
Самолет айдын кәлдің құндызындай,
Құлшынып жүзіп көкте бір бұзылмай.
Солтүстік Полюске ұшып қонған шақта
Жайнады өлең — полюс жұлдызындай.

1937



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрек

  • 0
  • 0

Өткен күнде түн тұман,
Жүректі мұң мен қан жуған,
Хан зорлығы халқымның
Жан жүйкесін талдырған.

Толық

Американдар таң қалады

  • 0
  • 0

Өлшеп,
Қиыр су жарынан
ССРО-ға
Көзін тігіп.

Толық

Мұнай

  • 0
  • 0

Каспийдің күміс көбік толқынындай,
Бұрқанып жердің астын керней тулай,
Арналы алып Эмба шыңырауынан
Бұрқырап көкке шапшып шыққан мұнай.

Толық

Қарап көріңіз