Орден туралы жыр – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Орден туралы жыр» атты Тайыр Жароков жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Қазақтың кең даласынан
Әнмен өскен бала едім;
Алтын таңның аясынан
Жаным күлген жан едім.
Болмасам да сөзге өрен
Қолға қалам ұстадым;
Отан анам, маған өлең.
Жаз деп жолды нұсқадың.
Алматыдан Москваға
Жеткізе жыр шырқадым,
Халқыма да, астанама
Өмір жыры тартарым.
Кремльде алдым барып
Калининнің оң қолын.
Жүрегіме тақты ол менің
Өлең-жырдың орденін.
Қолдан келсе тәтті жырды
Саған, халқым, батырым,
Неге аясын нұрлы өмірде,
Большевигің — ақының!

1939


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері