Қызыл алма – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қызыл алма» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1335
Атақты Алматыда қызыл алма,
Бір татсаң дерсің дәмін уыз бал ма?
Алқызыл алқа таққан алма бағын
Тұрамын көрген сайын қызығам да.
Бақыттың бағында өскен біздің алма,
Қабығы тан, шырайлас қызыл алма,
Аялап алма бағын күткен елім,
Мәңгілік тұрар гүлдеп қызарар да.

1949


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері