Өлеңмен қойдым қолымды – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Өлеңмен қойдым қолымды» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 746
Біледі майдан не екенін,—
Соғысты көрген біздің ел,
Соғысты сүймейді мекенім
Сүйеді бейбіт кезін ел.
Миллион қолдар тіл қатқан
Соғысқа қарсы дауыстап!
Әділдік жақтап жан-жақтан
Тоғысты үн, мәңгі тоғыспақ!
Шықпасын деп оқ даусы,
Кеспесін деп жолымды,
Соғысқа қарсы тап осы
Өлеңмен қойдым қолымды!

1950


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері