Сұрану – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сұрану» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 777
Өзім сүйіп, өзім кірген партия,
Берші маған қиын-қиын тапсырма,
Жұрттан қалмай, алға қарай тартайын,
Жүкті арбаны алып шығам нақ шыңға.
Айтқан сөзім кетпейді құр далаға,
Мені осал адам ғой деп қарама.
Алыс жолға шаршадым деп айтпаймын,
Берші маған ең ауыр жүк қала да.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері