Қар – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Қар» атты Ескен Елубаев жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қардан жоқ деп жеңiл,
Жүрген сенiп көңiл.
Бiр күнi қар жауды,
Басып қалды бауды.
Жеңiл десем қарды,
Сындырды көп талды.
Бала асылса сынбай,
Дауылыңа қыңбай,
Тұрған талдар тiп-тiк,
Сынып түстi бырт-бырт.
Қарда жоқ деп қауқар,
Ендi кiмдер айтар?
Жеңiл болсын, тiптi
Бiрiксе – күш!
Мықты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері