Өзара сын – Ескен Елубаев

Бұл бетте «Өзара сын» атты Ескен Елубаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ұзын
Бақай,
Сирақты,
Құрық
Мойын
Жирафты,
Көрген
Ағаш
Дер едi:
– Бұл
Аңдардың
Терегi...
Сұңғақ,
Жасыл
Желектi,
Көрген
Аңдар
Теректi,
Дептi:
– Биiк
оғаш тым,
Бұл –
Жирафы
Ағаштың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері